8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көңілді қыздар кеші» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
06.03.2026
5 наурыз күні 2-сыныпта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көңілді қыздар кеші» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Бұл күні қыздар өздерінің өнерін, тапқырлығын және ептілігін көрсете алды. Оларға арналған қызықты ойындар, байқаулар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар дәндерді іріктеп, сұрақтарға жауап беріп, көңілді тапсырмаларды орындап, бір-бірін қолдап отырды.
Іс-шара жылы, достық және мерекелік көңіл-күйде өтті. Балалар бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен күлкі сыйлады. Барлық қатысушы қыздар өздерінің ақылды, өнерлі және іскер екенін көрсетті.
Мереке көңілді әрі қызықты өтіп, балалардың есінде ұзақ сақталатын болды.
Просмотров: 61