Оқушыларға мектептегі тәртіп ережелері мен қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
15.04.2026
7-сынып оқушыларымен «Жол берілмейтін әрекеттер. Мектепке үшкір және кесетін заттарды алып келуге тыйым салу» тақырыбында әңгіме өткізілді. Оқушыларға мектептегі тәртіп ережелері мен қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Қауіпті заттарды алып келуге болмайтыны және оның қандай салдарға әкелуі мүмкін екені талқыланды. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды.
Мұндай әңгімелер оқушылардың өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады. Сынып жетекшісі Аушакимова Б.Б.
Просмотров: 58