ҚР рәміздер күніне арналған "Менің елім - Менің рәміздерім" іс-шарасы

04.06.2026
Рәміздер күні аясында «Елім менің – рәміздерім» атты шара өтті. Оқушылар танымдық бейнероликті көріп, викторинаға қатысып, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекітуге бағытталған шығармашылық тапсырмаларды орындады. Оқушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, патриотизм, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, азаматтық парыздың маңыздылығын талқылады. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, өз елінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты дамытуға және Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін оятуға көмектесті. 
Мұғалім Нурмуханова Г.К
Просмотров: 39


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу