Аула клубының бірінші маусымының жабылуы!

01.07.2026

 

🎉 Аула клубының бірінші маусымының жабылуы! 🎉
Бүгін аула клубының бірінші маусымының салтанатты жабылуы өтті!
Осы уақыт аралығында балалар көптеген қызықты әрі танымдық іс-шараларға қатысып, түрлі байқауларда, спорттық ойындарда, шығармашылық шеберлік сағаттарында, челлендждер мен кино көрсетілімдерінде белсенділік танытты.
Әрбір күн жаңа әсерлерге, көтеріңкі көңіл күйге, достыққа және қызықты сәттерге толы болды. Балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз.
Просмотров: 44


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу