Мектептің педагог-психологы бірінші сынып оқушыларының бейімделу процесін зерделеу мақсатында 1-сыныпта оқу сабақтарына қатысты

20.10.2026

2026 жылғы 12–15 қазан аралығында мектеп педагог-психологы 1-сынып оқушыларының мектептегі оқу үдерісіне бейімделуін зерделеу мақсатында сабақтарға қатысып, бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сабақтарға қатысу барысында оқушылардың эмоционалдық жағдайына, жұмыс қабілеттілігіне, сабақтағы белсенділігіне, мұғаліммен және сыныптастарымен қарым-қатынасына, сондай-ақ мектеп ережелерін сақтауына ерекше назар аударылды.

Бақылау нәтижелері бірінші сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктерін анықтауға және қажет болған жағдайда оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Әрбір баланың мектепке сәтті бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасаймыз!
 

Просмотров: 7


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу